Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасының аясында облыстық ашық есік күні өтті.
Мақсатты аудитория – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің 0-3 жыл арасындағы еңбек өтілі бар мұғалімдер.
Іс-шараның мақсаты: критериалды бағалау жүйесі негізінде педагогтердің өзара тәжірибе алмасуы арқылы құзыреттілігін арттыру. Жас мамандардың функционалды сауаттылық пен білім сапасын арттыруға бағытталған кәсіби деңгейін дамыту. Лицей-интернат фойесінде жаратылыстану ғылымына байланысты зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен робототехника саласындағы жаңа құрылғылардан тұратын тәжірибе алаңы көрсетілді.
Облыстық іс-шараның нәтижелі өтуіне үлес қосқан педагогтеріміз әртүрлі мән-мәтіндегі мәселелерді шешу мен математикалық пайымдау, креативті ойлауды дамыту тапсырмаларын бағалау критерийлерін нақтылап, сабақты тиімді жоспарлау мен оқушылардың күнделікті өміріне қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін тың идеяларымен бөлісті.
«Workshop» бөлімінде:
Биология пәнінің мұғалімі Белгибеков Даурен «Биология сабағында интерактивті платформаларды қолдану» тақырыбында жүргізген жұмысы арқылы сабақта интерактивті бағдарламалардың қолданылу мақсатымен таныстырды. Онлайн платформалардың бірнеше түрлерімен таныстырып, олардың тиімділігі мен сабақ барысындағы қолданылу аясын қатысушыларға нақты тапсырмаларды орындата отырып көрсетті. Аталған платформалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың биология пәні бойынша жаңа білімін бекітіп, есте сақтау қабілеті мен зейінін дамытуға болатынын көрсетті.
География пәнінің мұғалімі Нұрғазы Айдос Ардақұлы «Оқушыларға географияның тілін меңгерту – білім сапасын арттырудың негізгі шарты» тақырыбындағы іс-шарада ҰБТ, олимпиада, ББЖМ тапсырмаларын орындауда картамен жұмыс жасауда оқушы нені басты назарға алу керектігін, картаның тілімен сипаттауды, картаның түрлеріне байланысты ерекшеліктерді ажыратып, тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар үш топқа бөлініп, өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, картаның, глобустың көмегімен географиялық есептердің шешуін тауып, оқушыларға сол бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды, география пәні бойынша білім сапасын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдерін үйренді.
Физика пәнінің мұғалімі Тұрсынәлі Талғар «Физика пәнінде функционалдық сауаттылықты арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбының аясында өз тәжірибесмен бөлісті. Жұмысты бастамас бұрын қатысушыларға физика пәнін оқытудың қажеттілігі туралы, оқушылар ондағы білімін қайда қолданала алатыны туралы сауалнама алды. Сауалнамада берілген жауаптарға сәйкес қатысушылармен бірлесіп, зерттеу дағдысын арттыру бағытындағы тапсырмаларды құрастыру жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, физика пәні арқылы ғылым көрмесі мен апталығын өткізудің маңыздылығын, қиындықтары мен шешу жолдарын, құндылық негіздерін кіріктіру тәсілдерін көрсетті.
Математика пәнінің мұғалімі Турсунбаев Абылай Айбекович PISA тапсырмаларын орындауда математикалық сауаттылықтың маңыздылығын көрсететін әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қатысушылардың шығармашылығын арттырды. Қатысушылардың тарапынан берілген кері байланыстан Абылай Айбекұлы «Workshop» мақсатына қол жеткізгені анықталды. Сонымен қоса, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру барысында абзалы PISA тапсырмаларын орындатуды естен шығармау екенін айтты.
Иформатика пәнінің мұғалімі Жұмабек Еламан Жомартұлы «Arduino бағдарламасын меңгерту арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша қатысушылармен бірлесе отырып, Arduino анықтамасын түсіну, қолданылуын зерттеу, практикалық тапсырмалар құрастыру, детальдарымен таныстыру, ақылды үйдің сызбасын жасату сияқты жұмыстар орындады. Информатика пәнінің бағдарламасы мен оқулықтарында бұл тақырып қамтылмағанымен, вариативті компонент есебінен берілген сағаттарды пайдаланып оқыту ұсынылды. Технологияның даму қарқынын ескерсек, бұл бағдарламаның мектеп қабырғасында меңгерген оқушылар фунционалды сауатты тұлға болып қалыптасатыны анық екенін дәлелдеді.
Химия пәнінің мұғалімі Бекзат Нуртаза Нурлыбекұлы зертханалық-практикалық жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болатынын қатысушыларға біршама тәжірибелер мен зертханалық жұмыстарды орындату арқылы түсіндірді. Сонымен қатар, химиялық реактивтер ретінде күнделікті тұрмыс жағдайында қолданылатын заттарды алуға болатынын мысалдармен көрсетті. Қатысушылар өздерін оқушы сезініп, қызығып орындағандарын, іс-шарадан үйренгендерін өз тәжірибелерінде қолданатындарын кері байланыстарында көрсетті.
Қорытындылау кезеңінде қатысушылар өз кері байланыстарында іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін, осындай іс-шаралардың өткізілуі жас мамандардың кәсіби шыңдалуына тигізер әсері мол екенін айтты.