Интерактивті 3D балалар энциклопедиясы.
Бұл кітапта оқырман Жер бетінің қалай қалыптасқанын білетін болады. Жер қойнауына үңіліп, жанартаулардың құрылымымен танысып, жер сілкінісі мен цунамидің жойқын күші туралы ақпарат аламыз. Ауа райының әсерін, сондай-ақ климаттық аймақтардың пайда болу себептерін түсінеді.
Кітапты даярлау барысында жаңа технологиялар қолданылды. Түрлі түсті графика мен қысқа мәтіндер оқуды жеңілдетеді. Арнайы қосымшаларды пайдаланып, смартфон немесе планшет арқылы кітап бетінің бұрышындағы QR-кодты сканерлеп, осы тақырып бойынша қызықты мәліметтері бар 3D-көріністерді көруге болады.
Біздің энциклопедиямыз ізденімпаз оқушыларға инновациялық цифрлық шешімдер арқылы адамзат тарихының, ғылымының және мәдениетінің ең әдемі және таңғажайып беттерімен танысуға мүмкіндік береді.