22.11.2024      87      0
 

Білім берудегі цифрландырудың пайдасы


Цифрландыру білім беруді тиімді, сапалы және пайдаланушы көпшілікке қолжетімді етеді.
Мұны нақты мысалдармен түсіндірейік. Жаңа форматқа көшірілген және цифрлық технологияларға негізделген білім беру жүйесі қол жеткізуге мүмкіндік беретін нәтижелердің тізімін береміз.

Білімге қол жетімділікті арттыру

Цифрлық технологиялар пайдаланушылардың санын арттырып, шалғай аудандарда тұратындарға немесе қандай да бір себептермен офлайн сабақтарға қатыса алмайтындар үшін білім алуға қолжетімдікті арттыруға мүмкіндік береді. Онлайн сабақтар, электрондық курстар, вебинарлар, электрондық оқулықтар және басқа да цифрлық ресурстар оқушыларға кез келген уақытта, кез келген жерде білім алуға шексіз мүмкіндік береді.

Интерактивті оқыту жүйесі

Цифрлық құралдармен және арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету баспагерлерге, электрондық оқулықтар мен онлайн курстардың авторларына интерактивті, функционалды және қызықты оқу бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, автоматты тексерумен және жауапты жедел түсіндірумен тестілер мен тапсырмалар.
Осының арқасында оқушылар мен студенттер эксперименттерді әлдеқайда тиімді жүргізіп, есептерді шеше алады және кері байланысқа түсіп, оқу материалын қажетінше қолдана алады. Статистикаға сүйенсек, бұл тәсіл ақпаратты игеруді жақсартады.

Оқытудағы байланысты жақсарту

Оқу кезінде қолданылатын цифрлық құралдар оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетеді. Электрондық пошта, электрондық журналдар мен күнделіктер, онлайн форумдар, бейнеконференциялар және басқа байланыс құралдары ақпарат алмасуға, сұрақ қоюға және мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді.

Цифрлық сауаттылықты дамыту

Цифрландыру арқылы оқушылар ақпаратпен, жаңа техникамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ аналитикалық және сыни ойлауды дамытады. Бұл цифрлық технологиялар – қоғамдағы табысты өмір үшін атқаратын рөлі зор маңызды компоненттер.

Оқу процесін қарапайым және ыңғайлы ұйымдастыру

Цифрлық технологиялар оқу үлгерімін есепке алу, сабақтарды жоспарлау және студенттерді бағалау сияқты күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу орындарының оқытушыларының немесе әкімшілік қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жеңілдетеді және олардың одан да маңызды жұмыстарына уақыттарын дұрыс пайдалануына жағдай тудырады.

Сіз Оqulyqtar цифрлық білім беру платформасының функционалдығымен және электрондық оқулықтармен порталда танысып, www.oqulyqtar.kz-тен сараптамадан өткен және Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына енген оқулықтардың кез келген пакетіне жазыла аласыз.

Материалды «Мектеп» баспасының және Oqulyqtar.kz білім беру платформасының баспасөз қызметі дайындады
Иллюстрация: «Мектеп» баспасы, Pixabay.com