31.10.2024      137      0
 

Практикант-мұғалімдердің 9-сыныпқа арналған «Көкжиек-Горизонт» баспасының қазақ тілі оқулығы жөніндегі пікірі


Жүйелі ойлай білу сауатты сөйлеуге жетелейді.

Қазіргі білім беру үдерісінде тілдік коммуникацияға түсу өте маңызды. Оқушының өз ойын мәнерлі, түсінікті жеткізуі, өзін-өзі еркін ұстауы оның тұлғалық ұстанымын қалыптастырады. Осы орайда оқулықтағы 9-сыныптың 1-бөліміндегі «Тасқа қашалған жазулар» тақырыбындағы 10-тапсырма сәтті берілген. Бұл жұптық жұмысты орындау барысында оқушылардың өз ой-тұжырымдамасын еркін әрі ұтымды жеткізуімен қатар, көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Бір-бірімен коммуникацияға түсуге мүмкіндік береді.

Бекжанова Баян, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті