11.10.2024      227      0
 

Электрондық оқулықтар – білім берудегі инновациялық құрал


Электрондық оқулықтардың білім беру жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруда берер мүмкіндігі мол. Бейне және аудио сабақтар, интерактивті элементтер, басқа да компоненттер оқу үдерісіне тек оң әсер етіп, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.

«Келешек-2030» баспасының электрондық оқулықтары қағаз басылым нұсқалары негізінде жасалады. Олардың интерфейсі классикалық оқулықтармен бірдей. Алайда техникалық мүмкіндіктер электрондық басылымдардың функционалдығын қағаз нұсқаларымен салыстырғанда әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік береді.

Электрондық оқулықтардағы бейнесабақ, интерактивті тапсырма мен жаттығулар түрінде ұсынылған материалдар оқу үдерісін қолжетімді әрі қызықты етеді.

Тақырыптар егжей-тегжейлі түсіндірілетін бейнесабақтар ұсынылады. Онда барлық теориялық материал қысқаша, бірақ көрнекі әрі қызықты түрде беріледі. Бейнероликтер кәсіби дыбысталған. Оқушы теорияны жақсырақ әрі сапалы қабылдауы үшін түрлі түсті анимация қолданылады. Видео форматта нақты алгоритмі талданатын есеп шығару мысалдары берілген. Шығармашылық тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындау бойынша бейне шеберлік сабақтары, сондай-ақ оқушылардың қызығушылығын арттыруға және олардың білімін кеңейтуге, ойын форматында оқыту арқылы жаңа білім алуға бағытталған қосымша материалдар ұсынылған.

Мұғалім мен оқушының хабарламалар, орындалған үй тапсырмалары, білім беру ресурстарына сілтемелер жіберу арқылы байланысу мүмкіндігі қарастырылған. Нобай жасау, модельдеу бойынша шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін интерактивті жаттығулар жүзеге асырылған.

Жүктеп алып, орнатқан соң баспаның электрондық оқулықтары мен цифрлық ресурстары интернетке тұрақты қосылу қажеттілігінсіз автономды түрде жұмыс істейді.

Интернетте жалпыға қолжетімді түрлі онлайн оқыту қызметтерін пайдалану оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екенін атап өткен жөн. Сондықтан барлық электрондық басылымдар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығында тиісті сараптамадан өтті.

Электрондық оқулықтар білім беру үдерісіне жаңа серпін әкеледі, дәстүрлі оқулықтардың функционалын кеңейтеді және оқу үдерісін сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Келешек-2030» баспасы осы бағытта үздіксіз жұмыс жүргізіп, интерактивті технологияларды білім беру мақсатында барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи құралдарды ұсынады.