j banner

Әдептілік – әдемілік (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік

Мақсаты: Балалардың әдептілік, имандылық туралы ұғымдарын кеңейту.

Әдептілік сақтауға, үлкендерді құрмет, кішілерге ізет көрсетуге, өзара сыйластыққа, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақыл сөздер, слайд, кодоскоп,дастархан, үй жабдықтарының көрінісі

Әдісі:        талдау, сұрақ – жауап

Кіріспе:

Мұғалім : Жирен жаман әдеттен,  үйрен жақсы әдеттен,-дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл,көпшіл болу қажет. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді.Халық әдебі «сіз» деген сөзден басталады. Бұл сөз исламды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз.

Сіз деген әдеп,

Біз деген көмек.

Негізгі бөлім:

Көрініс: «Дүниеде не қымбат?»

Немересі: -Дүниеде не қымбат?

Атасы: -Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат

Асқар тауың- әкең қымбат

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.                                     Хор: Аяулы анашым

«Әдептілік әліппесі» Е. Өтетілеуовтің өлеңін оқып, талдау.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамағыңды,

Жалама аяқ – табағынды

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе ,қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қойма алдыңа,

Қыдырып, құр қаңғырма.

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның  ал тілін!

-Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Мұғалім:

Сонымен балалар, адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білдіңдер?

Ән: Адам болам десеңіз.

Ой талқы: Мен қандай баламын? (әр бала  бойындағы қасиеттерді айтып, өзіне мінездеме береді.)

1- оқушы

Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғаны сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді,

Бос шимайлап, шатпақтап,

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Кимімді де құртпаймын.

2-оқушы

Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп,

Атқарайық үйдегі,

Жұмысты тең бөлісіп.

3-оқушы

Кел, самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып.

Отырайық бөлмеде,

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келген кезде жұмыстан,

Қалсын апам қуанып.

4–оқушы

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Көрініс:Аташка, салам!

5-оқушы

Батаменен ел көгерер,

Жаңбырменен жер көгерер.

Мұғалім:

Бата. М.Әлімбаев.

Көпті көрген өзім де ұстаз едім, көне едім.

Шәкірттерге жыр мен бата беремін.

Сағаттың жаңылма есебінен.

Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен.

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кел сабақтан.

Оқуда зейінді бол,

Еңбекке бейімді бол,

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын дәптерің.

Оқығаның есте болсын,

Күнделігің беске толсын,

Шәкірт кезде

Шоқандардай озық бол,

Оқу-білім  бейнетіне төзіп көр!

Әумин!

Мұғалім:Ойын: «Жалғасын тап» ( мақалдың бірінші жолын мұғалім айтады, оқушылар жалғастырады)

1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

………………………………………………..

2. Әдепті бала – арлы бала,

……………………………………

3. Әдептілік белгісі, ………………………..

Қорытынды:Графопроектордан  «әдептілік(  туралы  слайдтар көріп,  ой   қорыту.

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

k4tb

Введите текст сверху:

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>