j banner

Әдеппен сөйлеп әдеттен (тәрбие сағаты)

Тақырыбы:  «Әдеппен  сөйлеп  әдеттен»

Мақсаты:     Оқушыны   әдептілікке,  сыпайыгершілікке,  ұлтжандылыққа  тәрбиелей  отырып, қазақтың  салт-дәстүрлерін  қадірлеп, адамгершілікті  жоғары  қоя білуге,  әдеппен      сөйлеуге  бағыт  беру.

Көрнекілік:  Нақыл  сөздер,  таблицалар,  оқушы  шығармашылығы,  үнтаспа,  қима  қағаздар.

Әдісі:Пікір  талас.

Сөйлеу  мәдениеті  өспейінше,  жоғары  ақыл  мәдениетіне  жетуге болмайды.

Барысы:Ұйымдастыру:

Кіріспе  сөз:

Мұғалімнің  сөзі: Әдептілік – әдемілік“, -  дейді  халық . Әдепті  болу  үшін  әдемілікті     жақсылықты  сезініп,  оны  бағалап,  сол  жақсылыққа  ұмтылу  қажет. Әдептіліктің  белгісі – сәлемдесу. Бүгінгі  тақырыбымыздың  өзі  де сәлемдесу жайлы  болмақ.

Негізгі  бөлім:  Топқа  бөлу. Әр  топтың  жетекшісі  қима  қағаздан  келіп  алады. Сол  бойынша  тапсырманы  орындайды.

І  топ  «Достар». Тапсырмасы:  «Сөз  басы – сәлем». Қалай  түсінесің?

ІІ  топ «Шешендер». Тапсырмасы: «Жақсыдан  үйрен,  жаманнан  жирен». Мағынасын ашу.

ІІІ  топ «Әдептілер». Тапсырмасы: «Әдеп пен  әдет». Екеуі  бір  ұғым ба?

І-ші  топтың  жауабы:  Сәлем сөзін топтастырады.

Сәлем  – әдептіліктің  белгісі.

Сәлем  түрлері:

1. – Сәлеметсіз бе?

-  Сәлеметте  болыңыз!

-  Аман -  саусыз ба?

-  Аман – сау  болыңыз !

-  Аман -  есенсіз  бе?

-  Аман – есен  болыңыз!

-  Сізге  амандық  тілеймін!

-  Сізге  де  амандық  тілеймін!

 

ІІ -  топтың  жауабы. Венн  диограммасы.

Жақсы  бала                                       Жаман  бала

Мақал – мәтелдермен   қорыту.

1. Сыйламаған  жолдасын,

Сыйлай да алмас өз  басын.

2. Өнерлі  бала – сүйкімді,

Жақсы  бала  сүйікті.

3. Ақылды  аңдап сөйлер,

Әр  сөзін  таңдап сөйлер.

4. Өнерлі  адам  өрге  озар,

Өнерсіз  адам  жер  соғар.

Барлығы:

-  Аулақ  жүріп  жаман  қылық   әдеттен,

-  Үйренеміз  жақсы  қылық  әдеппен!

ІІІ – топтың  жауабы: Көрініс.

«Әдеп  пен  әдет»

Қатысушылар:  Мұрат,  Ілияс,  мұғалім.

Мұрат:  – Сәлеметсіздер ме?

-Ілияс,  сен  неге  амандаспайсың?

Ілияс:  -  Менде  жұмысың  болмасын, әркім  өзі  үшін  жауап  береді.

Мұрат: – Апай, Ілияс  “әдеп “  деген  сөзді  түсінбейді  екен.

Мұғалім: – Ілияс,  “әдеп “  дегеннің  өзі  сәлемдесуден  басталады.

Мұрат: – Апай,  “әдет “  деген  сөздің  мәні  де  соны  білдірмей  ме?

Мұғалім: – Жақсы  әдет  әдептілікті,  ал  жаман  әдет  көргенсіздікті  көрсетеді.

Мұрат: – Айтым  ғой  саған, Ілияс, жаман  мінезге  әдеттенбе,  білдің  бе?

Ілияс: – Мен  өзімді  әдептімін  деп  есептеймін.  Үлкендерге  жол  беремін,  көмектесемін.

Бірақ  маған  біреу  тиіссе,  мен де  оны  ұрамын.

Мұрат: – Онда  саған  біреуді  ұру  әдетке  айналған, ол әдеттен  арылу  керек. Әдеп – тәртіп, әдет – бір нәрсеге  әдеттену. Апам:   «Үйрен  жақсы  әдептен, ізгілікке  әдеттен» – деп  отырады.

Ілияс: – Мақұл,  Мұрат, мен әдеп  пен  әдеттің  айырмашылығын  түсіндім.

Мұрат: – Өстіп  өз  қатеңді  мойындап,  жақсы  әдетке  талаптансаң,  әдепті  боласың,  білдің  бе?

Мұғалім. – Міне,  қөрдіңдер  ме,  балалар, әдептіліктің  өзі  бірнеше  топтардан  тұрады:  сөз  әдептілігі, іс әдептілігі,  мінез  әдептілігі, тыңдау  әдептілігі. Ілтипат  қөрсетіп, ізетті  сөйлеп,  сыпайы  сын  айту  әдептілік  болады. Әдептілік – әдемілік. Әдемі  болыңдар,  балалар!

 

Оқушылар  шығармашылығымен  таныстыру (суреттер).

Үнтаспадан өздері  дайындап  келген әдеп  пен  әдетке  байланысты   мақал – мәтелдерін  тыңдау. Тақырыпқа  байланысты  шығармалардан  үзінділер  оқу.

Қорытынды:

- Балалар,  бүгінгі  біздің  сынып  сағатымыз  тәрбиелік  мәні  өте  зор, өздеріңнің  бойларыңа қаншама  жақсы  қасиеттерді  сіңіріп  алатындай  маңызды  да  мәнді  сабақ  болды. Сабаққа  үлкен  дайындықпен  келгендерің  үшін  рахмет  айтамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

dWnq

Введите текст сверху:

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>