j banner

Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер (кембридж)

Нұрланбек Мағзұм 

сабақ  жоспары            биология              7 сынып

Мұғалімнің аты- жөні, мектептің атауы Мағзұм Нұрланбек                                                                           Айыртау ауданы     Мәдениет орта мектебі
2 апта 30.04.2013                                              2 – сабақ
Тақырыбы: Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер
Мақсаты:

 

Модульдерді қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, құрлықтағы мекендейтін сүтқоректілердің көптүрлілігін білуге жағдай жасай отырып білімдерін кеңейтеді.
Оқу нәтижесі:

 

Құрлықты мекен ететін сүтқоректілердің адам өміріндегі  маңызын біледі. Өз деңгейлері бойынша жаттығулар, тапсырмаларды өз беттерімен орындайды.

Уақыт үнемдей отыра,  берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз ойларын толық әрі ашық айта алады. Жалпы және арнайы сұрақтарға дұрыс жауап береді.  Жұмыс парақшасымен жұмыс істейді.

Әдіс –тәсілдер,

модульдер

 

Топпен, жеке, жұппан жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау),  әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету), демонстрация,  түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық  технология),

оқуды бағалау, сұрақ – жауап, түсіндіру (диалогтік оқыту

дереккөздер Интербелсенді тақта, электрондық оқулық, ресурстар, оқулық мәтіндері, кесте,
Барлығын қосқанда
бағалау топтық, жұптық жұмыстарда  әділ бағалау.

Формативтік баға қоюды үйрету, суммативтік бағаны шығару.

Тапсырмалар
  1. Оқушыларды топқа бөлу
  2. Оқулықты  пайдаланып, түсінгендерін көрсету
  3. Сәйкестендір
  4. Логикалық сұрақтар (Сергіту сәті)
  5. Құрлықта мекендейтін сүтқоректілердің негізгі бір өкілін алып, келесі топқа түсіндіру
  6. Қорытынды Тест жұмысы
  7. Бағалау
  8. Кері байланыс
Жоспарланған мерізім Жоспарланған іс- әрекет ресурс
0-2 минут Оқушыларды топқа бөлу
2-12 минут Оқушылардың алдыңғы  сабақтағы білімдерін қысқаша шолу жасай отырып, оқулықтан алған білімдерін ортаға салу Плакат, стикер
12-20 минут Сәйкетендір : Электрондық оқулық бойынша суреттерды сәйкестендір Электрондық оқулық
20-23 минут Логикалық сұрақтар беру. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ойын жинақтауға арналған Таныстырылым бойынша көрсетіледі
23-33 минут Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша

дайындалады.

  1. Ашық жерлерде мекендейтін сүткоректілер мағлұмат беру (өкілі – суырларға тоқталу)
  2. Тұяқты сүткоректілер  (негізгі өкілі – арқарлар жайлы мәлімет беру)
  3. Бұта мен ағаш арасында кездесетін сүтқоректілер(өкілі – аю туралы айту)
Плакат, маркер, стикер
33-40 минут Сүтқоректілер жайлы жеке жұмыс: тест жұмысы Кесте беріледі
40-42 Бағалау (геометриялық фигуралар арқылы бағалау) Бағалау  стикерлер
42-45 Кері байланыс:

                           Не білдім? Не білгім келеді?

стикер
Сабақ бойынша талдау:__________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

 

 

 

Рефлексия:

Бүгінгі күн керемет, өйткені………………

___________________________________________

___________________________________________

Сіз үшін сабақта ең негізгі болған сәт?

___________________________________________

___________________________________________

Сіз үшін не қиын және түсініксіз болды?

___________________________________________

___________________________________________

 

Сабақтан кейінгі түзетулер:

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Логикалық сұрақтар

 

1.Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар?

 

т ү й е

 

2. Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары?

 

и т

3.Әлемдегі ең биік жануар?

 

к е р і к

4. Бір жақ қырымен жатып ұйықтайтын жыртқыш сүтқоректі?

а қ  а ю

 

5 Жер бетіндегі ең тісі көп жәндік?

Ұ л У

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүтқоректілер класына тестік тапсырмалар(7 сынып)

 

  1. Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер немен қоректенеді?

А)бунақденемен           Б) жәндіктермен               Г)  көртышқанмен

2. Түлендер қайда тіршілік ететін сүтқоректілер?

А)суда          Б) жер астында               Г)  құрлықта

3. Ашық жерлерде мекендейтін сүтқоректілер?

А)ақбөкен       Б) суыр                       Г)  аю

4. Тұяқты сүтқоректілерге жатады?

А)қосаяқ           Б) бұғы                     Г) қарақұйрық

5. Бұта мен ағаш арасында мекендейтін сүтқоректі?

А) сілеусін        Б) жолат                  Г)  суыр

6. Қазіргі кезде сүтқоректілерді неше класс тармағына жіктейді?

А)2                   Б) 4                           Г)  3

7. Төменгі сатыдағы аңдарды қалай атайды?

А) қазіргі аңдар         Б) ілкіаңдар             Г) қалталы  сүтқоректілер

8. Сүтқоректілердің ұрығы қайда дамып жетіледі?

А) аналық жатырда          Б) ұрықжолдаста               Г) ана құрсағында

9. Қалталы сүтқоректілер қашан пайда болды?

А) 150 млн жыл бұрын     Б) 140 млн жыл бұрын    Г) 130 млн жыл бұрын

10. Жоғары сатыдағы сүтқоректілер жер бетінде қашан таралған?

А)80-70млн жыл        Б) 50-60млн жыл        Г) 90-70млн жыл

 

Сүтқоректілер класына тестік тапсырмалардың  жауаптары

(7 сынып)

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Б А Б Г А А Г А Б Г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/Арқар

Арқар

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Арқар

Амандық күйі

Near Threatened (IUCN)

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Қуысмүйізділер
Кіші тұқымдасы: Caprinae
Тегі: Ovis
Түрі: O. ammon

Екі-есімді атауы

Ovis ammon
(Linnaeus, 1758)

Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см, салмағы 25230 кг. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жаткызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған.[1]

Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар:

- кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2.5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Республикада қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/суыр

http://aitaber.kz/blog/qyzyqderek/3189.html

Суырлар

 

Суырлар
Қазбалық
ауқымы: Late Miocene–Recent

Marmota flaviventris

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Тұқымдасы: Sciuridae
Кіші тұқымдасы: Xerinae
Тайпасы: Marmotini
Тегі: Marmota
Blumenbach, 1779

Түрлері

Суырлар (лат. Marmota) – кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі. Қазақстанның орманды даласында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі: дала cуыры (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрық суыр (Marmota caudata) және Мензбир суыры (Marmota menzbieri) бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет наурызсәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт киім тігіледі. Суыр майы халық медицинасында әр түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады

Суырдың інін қазыргі заманғы пәтерге теңеу керек. Біріншіден құрғақ, екіншіден жылы, үшіншіден дәретханасы бөлек. Ұзындығы 10 метрден асатын дәліз, үлкен бөлмеге ұласады. Ол жерде суырлар қыстайды. Жеке дараөзі емес, барлық әулетімен. Бөлме шөп қоймасымен жалғасады. Олар қыс бойы шөп жегендіктен емес, алты ай аязды ұйқымен өткізіп, ұйқыға кетер алдында төсеніш жасауға. Інінің екінші тесігі болады. Ол жыртқыш аң, адамдар бір жағын қазып, суырды іздеген кезінде екінші тесіктен қашып кетуге арналған. Суырдың інінде бір тесік барын аю неден біледі? Лебінен. Егер іннің екі аузы болса, ауаның кіріп жатқаны сезіледі. Метрода келген кеткен пойызбен бірге желдің лебі байқалмай ма, ұясы да сол сияқты. Ешқандай ауа қозғалысы болмаса іннің аузын иіскеген аю тез тауып алады. Суырдың іні 3 түрлі. Қыста ұйықтайтын бір бөлмесі, одан басқа төсенішке шөп жинайтын қоймасы мен дәретханасы жоқ жазғы ін қазады. Ыстықта көлеңкелеп жатады. Үлкен дәретке іннің сыртынан бір жерді таңдайды. Үшіншісі қашқан кезінде бас сауғалайтын жайдақ ін. Алдыңғы екі аяғы аяқтан гөрі қолға ұқсайды. Шошайып тұрып дәнді үгітіп, аузына салып жібереді. Аңшылар қашар жері қалмаған суырдың бетін басып, кәдімгідей жылағандарын көрген.
Еркегі көктемде ұрғашы суырды өзі қыстаған іннен емес, басқа тайпадан таңдайды. Суырлар өте сақ және ұйымшыл аң. Жайылып жүргенде, азық іздеген кезінде біреуі міндетті түрде қарауылға тұрады төбешікке шығып. Аспаннан бастап айналаны бір шолып өтеді. Бірден қауіп байқалса, ысқырып, айқайлап, ыңқиттап дабыл қағады. Барлық суыр жайылуды, азық іздегенді, қыздырынуды, дереу інге тығыла кетеді. Әрқайсысы дабыл белгісін қайталайды. Ұсталған жағдайды, басқалары шиқылдап жылап кетеді.
Қысқа аяқтарымен, семіз денесімен алысқа жүгіре алмайтын болған соң, іннің қасынан айналшықтап шықпай жүреді. Көдері өте сақ. Қарауыл суыр іннен шыға сала айналадағы оба, тас, тобылғы, қараған, қазық, ербиіп тұрғанның бәрін белгілеп тістеп қояды. Айналасын бір түгендеп алады. Егер белгілеген нәрсесі лезде жоқ болып кетсе немесе жаңадан пайда бола қалса, аттанға салып айқайлап ысқырып кетеді. Көзі өткір, құлақтары 1 шақырым жерден естіп қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аюлар

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

(Аю бетінен айдатылған)

Мында өту: шарлау, іздеу

Аюлар
Қазбалық
ауқымы: Үлгі:Geological rangeLate Eocene – Recent

Барибал, Ursus americanus

Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Caniformia
Тұқымдасы: Ursidae
G. Fischer de Waldheim, 1817

Аюлар[1] (лат. Ursidae) — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Аюлар үш жасында жыныстық жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Қаңтар, ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған.

 

 

Ақ аю

Аюдың кейбір өнімдері халықтық медицинасында қолданылады. Аюдың етін кептіріп алып, суға аздап езіп ішкізсе, адамның көптеген ауруларына дауа деп есептеледі. Мұндай ем түрі ыстықты түсіреді, жараны тез жазады, кокжөтелге, шиқан, сыздауық шыққанға, бала денесіне шыққан бөртпеге және сары ауруға қарсы ем ретінде саналады. Мәлімет берушілердің айтуына қарағанда, Аю етін асқазан қыжылдау, кекіру сияқты ауруларға қарсы ем ретінде де қолданылады. Оны кебірек жесе денені қыздырып, қан қысымын көтереді. Аюдың қыртыс майын боршалап, жел-қүздан болған буын ауруына, саусақтардың арасына шыққан қиғаққа (теміреткі тәрізді) қыздырып тартады. Ұйқысы қашып жүрген адам иленген теріні жамылып жатса тыныштанады. Аю терісінің үстіне бір ұйықтап тұрса ұйқысы Аюдікіндей болады деп ырымдайды.

 

 

 

 

 

   ТОПҚА БӨЛУ ЕКІНШІ САБАҚ

 

ҚАСҚЫР ТҮЙЕ АҚҚУ
АРЫСТАН ЖЫЛҚЫ ҚАЗ
ЖОЛБАРЫС ҚОЙ ҮЙРЕК
СІЛЕУСІН СИЫР ТОРҒАЙ

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

gL1JI

Введите текст сверху:

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>