j banner

Жаны саудың – тәні сау (тәрбие сағаты)

Тақырыбы:       Жаны саудың – тәні сау

Мақсаты:

а)Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

ә)Қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, жерін қорғауға қажетті күш қуатын молайту.

б)Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру.

в)тазалық және жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы:Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:      Оқушыны денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Эпидоскоп, теледидар, тірек сызбасы мен спорттық құралдар.

Сабақтың міндеттері:

а)Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілу үшін денсаулығын күтуді үйрету.

ә)Күнделікті қимыл-қозғалысын дамыту арқылы қуатын молайту.

б)Дене жаттығуларын жасауға  дағдыландыру, сенімділікке үйрету.

в)Салауатты  өмір салтын сақтап өмір сүруге дағдыландыру.

Барысы:

         1.Психологиялық дайындық.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру және жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

Оқушы білімін, білік дағдыларын, өнерін бағалауға сарапшылар тағайындау

         2.Үй тапсырмасын тексеру.

-үйге өткен сабақта қандай тапсырма берілді

-адам денсаулығы, оны сақтаудың жолдары, тазалық жөнінде оқыған, үйренген іс-әрекеттеріміз туралы айтып, ойымызды ортаға салуға даярланып келу және ұсыныс пікір айту.

3.Алғы сөз.

а)Тақырыпты хабарлау

ә)Тәрбие сағатының мақсат, міндеттерін түсіндіру.

         4.Ой шақыру.

-Байлық дегеніміз не?(Оқушылар байлықтың мағынасын тірек-сызбалары арқылы түсіндіреді. М.Дулатовтың «Байлық» әңгімесі бойынша қойылым көрсетіледі.

         5.Ой толғаныс

Денсаулық атты сызба бойынша жұмыс: Олай болса деніміз сау, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам  денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

(экраннан сызба көрсетіледі, сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ ортаға салады)

Денсаулық

 

 

 

 

 

 

 

                Табиғи күш  Тазалық. Дене шынықтыру.     Тамақ

 

Өз ойларын ортаға салу үшін әр топқа ашық хат ішіндегі сұрақтар беріледі.

 

І топ «Табиғи күш» тобы

- Сендер қандай қажеттілік туралы сыр шертесіндер, олар қандай күштер?

- Күн, таза ауа, судың денсаулыққа тигізетін пайдасы қандай?

- Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіндер?

- Ата-бабамыз табиғи күш куаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол аталы асыл сөздерден мысал келтіріндер.

 

ІІ топ    «Ептілер мен күштілер» тобы.

-Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтырудың түрлерін ата.

- Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығулар түрлері? (оқушы

өзінің күнделікті айналысатын жаттығуларын көрсетеді)

-Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Неге? Ұлттық ойындар оның пайдасы?

-Соңғы кезде шыққан спорттың түрлерін ата. Оның мақстаы қандай?

ІІІ-топ   «Шипалы тағамдар» тобы.

- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?

-«Батпайтын ас – жеген кісінің өзін жейді» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндір.

-Тағамның түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет (сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар).

-         (Топ мүшелері «Қолтырауынның тіс ауруы» атты көрініс көрсетеді).

 

IV топ   «Әдемілер» тобы.

-         Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.

-         «Тазалық – саулық негізі,

-         Саулық – байлық негізі»

-         деген мақалдың мағынасын түсіндір. Өзің білетін, оқыған мақал-мәтелдерді айт.

-         Таза жүретін баланы не деп атайды?

-         Оның достары нелер?

-         Тазалықты сүймейтін баланы не деп атайды?

-         Оған оқыған шығармаларыңнан қандай мысалдар келтіресіңдер?

-         Ана тілі пәнінен денсаулық, тазалық туралы кімнің ақыл-кеңесін жаттадындар?

-         Оны санамалап айтып бер.

 

Ұжымдық жұмыс

-         Ауру жанға арашашы кім және емделетін қандай орын? (емхана, дәрігерлер, мейірбикелер, халық емшілері).

Оқушы жауабы мына өлең жолдарымен қортындыланады (5 бет)

-         Денсаулықтан адамға не бар қымбат,

-         Ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ.

-         Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,

-         Дәрігерлер берген Отан алдында ант.

Ой тұжырымы.

-         Біз бүгін қандай тақырыпта ой қозғадық?

-         Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

-         Сендер қандай азамат болып өсулерің керек? (оқушылар жауаптары тындалады және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды).

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 

Шығыста:

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -

Үшеуімен бақытты болады өмір

- деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіндер.

Ел басы Н.Ә.Назарбаев «2001-2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы Заңға қол қойды. Бұл- үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

WpjB

Введите текст сверху:

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>