j banner

Достық бесігі (тәрбие сағаты)

Тақырыбы: Достық бесігі

Мақсаты:

  • Оқушылардың туған жерге , Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
  • Ұлтымыздың мәдени-тарихи мұраларын құрметтеуге, сақтауға үйрету.
  • Ұлтжанды, иманды , инабатты, іскер, мәдениетті, халқын, салтын сүйетін,тілін, дінін құрметтейтін жеке тұлға қалыптастыру, саналы азамат тәрбиелеу.
  • Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық, достық деген ұғымдардың мән-мағынасын өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру.

Міндеті: «Алтын қақпа »телесайыс үлгісінде жүргізіледі.. Ондағы артықшылық – ұлттық болмыстан толығырақ мағлұмат алу және жарыс технологиясын меңгерту. Тақырып төңірегінде оқушылардың логикасын дамытып, іздендіру мақсаты көзделеді.

Көрнекілігі: «Алтын қақпа» атрибуттары. «Қазақстан Республикам – менің» бүктемесі, «Ата толғауы» күйі, «Елім менің » әні, ақ көгершін суреті, ребус, сөзжұмбақ.

Әдісі: Түсіндірмелі, көрнекілік, репродуктивті, ынталандыру, ізденіс, мотивация.

Кіріспе:

Мұғалім:

Қазақстан, кең байтақ өлкем менің,

Талай кезең артта қап өркендедің.

Отан сүйер ұланың бауырыңда,

Дарқан елім, кең жерім көркей менің!

–       деп бүгінгі тәрбие сағатымызда  кешегі өткен дәуірі, бүгінгі өткен жайлы «Алтын қақпа» сыр шертпек.

Негізгі бөлім:

«Алтын қақпа» ойыны

Ол үшін жүргізушімен қатысушыларды анықтайық.

Мұғалім:Ендеше ойынға кірісейік.

І. Темір қақпа.  Бұл қақпа ны ашу үшін арнайы сұрақтар бар.Сол сұрақтарға жауап беріп, әрі қарай өтеміз.(сұрақтар конвертке салынған )

Сұрақтар:

  1. Қазақ елі үшін тауқыметі мол  кезең қашан болды?
  2. Хан халықтың қамқоры. Қазақ хандарын ата.
  3. Әділеттің ақ жолымен, адам құқығын қорғаушы билер кімдер?
  4. Найзаның ұшымен, білектің күшімен елін, жерін қорғаған батыр бабаларымызды ата.
  5. Хандары мен билеріне батырларына дем беріп, жыр маржанын төккен жыршы, жыраулардан кімдерді білесің?

Поэзия сәті.

 

  1. «Үш бақытым» М.Мақатаев
  2. «Ана тілім» Қ.Мырза Әлі

Мұғалім:

Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы,

Бүгін саған әлем түгел қарайды.

Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның

Бейбітшілік таңы әр кез арайлы. –демекші қақпа:

ІІ.  Күміс қақпа.

Бұл қақпаны ашуда 4 сурет  үлестіріліп беріледі.

  • Қазақ халқына тән суреттерді тап, қорға.
  • Қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілдерін білесің?
  • Өзің неше тілде сөйлей аласың?
  • Бейбітшілік дегенді қалай түсінесің?

Сергіту сәті:  «Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.

 

ІІІ. Алтын қақпа.

Венн диаграммасы бойынша «Қас-қағым сәт» ойыны

  • Өткен дәуірде жерімізге баса көктеп кіріп соғысқан кім?
  • Үш жүздің басын қосқан, ел басқарған хан кім?
  • Адам құқығын қорғаушы құжатты ата.
  • Еліміздің президенті кім?

ІІІ. Қорытынды.

Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы… Алтын қақпаны ашып ,еліміздің байлығының бір бөлшегіне ие болды. Ендеше, сендер осы «Алтын қақпа» ойынынан не білдіңдер, ол ойын неге арналды?

Оқушы:Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысуы керек.Әр оқушы сапалы білім алуға ,өнегелі азамат болып өсуге тырысуы  арқылы өз отанына зор үлес қосады екен.

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

2A2LSI

Введите текст сверху:

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>